Рухани келісім күніне арналған экскурсия
Қазақстанда жыл сайын 18 қазанда атап өтілетін Рухани келісім күні қарсаңында жоғары сынып оқушылары үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Балалар қасиетті үштіктің- Қызылжар қалалық мешітіне, Қасиетті Троица католиктік шіркеуіне және Иеміздің көтерілу кафедралды соборына барды.

Экскурсия барысында оқушылар сәулет ерекшеліктерімен және түрлі діндердің дәстүрлерімен танысып, басқа адамдардың рухани құндылықтары мен сенімдерін құрметтеудің маңыздылығын білді. Діни қауым өкілдері мектеп оқушыларына мейірімділік, төзімділік және өзара түсіністік қағидалары туралы айтып берді.
Қазақстанда 1992 жылы құрылған Рухани келісім күні әртүрлі ұлттар мен діндер арасындағы бейбітшілік, келісім және өзара сыйластық қажеттілігін еске салуға арналған. Бұл күн бірлікке, тату көршілікке және жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайтуға деген ұмтылысты білдіреді.
Экскурсия балаларға терең әсер қалдырды және бейбітшілік, толеранттылық және өзара сыйластық мәдениетін тәрбиелеу жолындағы тағы бір қадам болды.
- 49 reads
















