«Дәстүр, мәдениет және құрмет арқылы бірлік»
Жыл сайын 1 мамырда Қазақстандағы ең жарқын әрі маңызды мерекелердің бірі — Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі. Бұл мереке елімізде тұратын әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілікті, келісімді, достық пен өзара сыйластықты бейнелейді. Қазақстан ортақ тарихпен, мәдени құндылықтармен және бейбіт болашаққа деген ұмтылыспен біріккен көптеген халықтардың ортақ шаңырағы болып табылады.
Мереке қарсаңында мектебімізде оқушылардың Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүріне деген құрметін қалыптастыруға бағытталған бірқатар тәрбиелік және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Бастауыш сынып оқушылары үшін сынып сағаттары мен салтанатты жиын өткізілді. Сабақ барысында балалар елімізде тұратын халықтардың достығы, өзара түсіністігі мен бірлігі туралы әңгімелесті. Оқушылар достық ережелерін құрастырып, «достық шеңберіне» қатысты, бір-бірін құрметтеудің маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті. Кейбір сыныптарда пластилиннен мүсіндеу бойынша шығармашылық шеберлік сағаты өтті, онда балалар әртүрлі ұлт өкілдерінің бейнелерін жасады.
Орта және жоғары буын оқушылары үшін де «Бірлікте — тірлік» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
5-11 сынып оқушыларының арасында Қазақстан халықтарының мәдениетіне, әдет-ғұрпы мен дәстүріне арналған «Своя игра» атты зияткерлік сайыс ерекше қызығушылық тудырды. Қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, тақырыптық тапсырмаларды орындады, өздерінің білімділігін, тапқырлығын және командамен жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті. Іс-шара достық, салауатты бәсекелестік және өзара қолдау атмосферасында өтті.
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында осындай іс-шараларды өткізу азаматтықты, патриотизмді, ұлттық құндылықтарды құрметтеуді, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және өскелең ұрпақтың еліміздің күші — бірлікте, келісімде және бір-бірімізге деген құрметте екенін түсінуіне ықпал етеді.
- 8 reads



















